Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбе шахтасында қаза тапқан 4 жұмысшы өліміне жұмыс беруші айыпты

Ақтөбе шахтасында қаза тапқан 4 жұмысшы өліміне жұмыс беруші айыпты

«Ақтөбе мыс компаниясы» шахтасында мерт болған төрт кеншінің өліміне жұмыс беруші айыпты. Арнайы комиссия мүшелері тексеріс соңынан осындай шешім шығарған. Тергеу нәтижесі жұмысшылардың жарылыстан кейінгі улы газға тұн шығып қалғанын көрсетті. Кеніштің бас инженері салғырттығынан, шахтада желдеткіш қосылмай қалған көрінеді. Оның үстіне, участок басшысы жұмысшылар қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген. Естеріңізге сала кетейін. Ақтөбе шахтасында қайғылы оқиға өткен жылдың соңы, желтоқсанның 30-ы күні болған. Кешкі жеті шамасында шахтада жарылыс болып төрт жұмысшы қаза тапты. Тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Саламат АМАНБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ  ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Сол күні 18-50 де осы мекеменің бас инженері Сафин бір установканы тоқтатып қойыңдар деп бұйрық береді. Олар бұрынғыдай жұмыстарын істеп болғаннан кейін, шығатын уақытта, взрыв сағат 19-00-де, 19-10 да взрывтан кейін байланысқа шықпай қалады. Сол кезде барып 19-10-да  сол вентиляцияны қайта қосып қояды.

Б. Нәдірқызы