Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ Президенті Джозеф Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірнеше шешімін жойды

AstanaTV
21.01.2021ж. 20:00
2107
АҚШ Президенті Джозеф Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірнеше шешімін жойды

АҚШ Президенті Джозеф Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірнеше шешімін жойды. Оның ішінде АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қайтару, қаржыландыруды жалғастыру сияқты шешімдер бар. Байден сондай ақ короновирустық инфекциямен күресті күшейтіп, мемлекеттік мекемелерде маска киіп жүруді міндеттемек. Ал, жаһандық әлеуметтік желілері болса Байденнің екінші есімін жан-жақты талқылап жатыр. АҚШ жұрты білмеген есімді Джозеф Байден анаугурация кезінде айтқан.

Жаңа президент – жаңа ережелер. Жұмысына білек сыбана кіріскен Джозеф Байден алғашқы жұмыс күнінде ақ 15 құжатқа қол қойып үлгерді. АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шықпайтын болды. Үзіліп қалған қаржылай көмек жалғасады. Ал, мемлекеттік мекемелерде бұдан былай медициналық маска міндеттеледі.

Джозеф БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сайлау алдында берген уәделерімді орындау үшін бар күшімді саламын. Әуелі індетпен күресті күшейтеміз. Бұған дейін айтқанымдай барлық жерде маска тағу міндеттеледі. Әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын талап етемін. Тиісті құжат қабылданды.


АҚШ Париж келісімінен де шықпайтын болды. Яғни Байден экология тақырыбына назар аудармақ. Трамптың сондай ақ, мұсылман елдерінен шыққан келімсектерді кіргізбейтін шешімі де өз күшін жойды. АҚШ пен Мексика арасындағы алып қабырға құрылысы да тоқтады.

Джозеф БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

АҚШ - Париж келісімінен шықпайды. Керсінше, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруін болдырмау ісіне белсенді араласатын боламыз. Арнайы құжатқа қол қоямын.

Байден, заңсыз мигранттарды АҚШ аумағынан аластату ісіне де араласты. Келімсектер депортациясы 100 күнге тоқтатылды. Мемлекеттік органдардың күш-жігерін жаңа Президент коронавируспен күреске жұмсамақ.

АҚШ жұртын бұл шешімдерден бұрын Байденнің екінші есімі таң қалдырған сияқты. Инаугурация кезінде ол өзін, Дожзеф Робинетт Байден деп таныстырған. Әлеуметтік желілер бұл тақырыпты іліп алып, жан-жақты талқылай бастады. Робинетт деген есім АҚШ-та жиі кездеспейтін көрінеді. Бүкіл Амеркиада мұндай есіммен 10 мың ғана адам бар екен.

Ә. Өмірзақ