Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шаруа қожалықтарының иелігендегі бос жерлер мемлекетке қайтарылмақ, - Президент

AstanaTV
26.01.2021ж. 20:00
1788
Шаруа қожалықтарының иелігендегі бос жерлер мемлекетке қайтарылмақ, - Президент

Сондай-ақ Президент Үкіметке баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды да тапсырды. Өйткені зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілгелі, пәтер бағасы қымбаттай бастаған. Бұған қоса министрлер кабинеті екі аптада тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа топтамасын әзірлеуі тиіс. Қараша айына дейін Жер кодексіне өзгертулер енгізу міндеті де тұр. Толығырақ келесі  бейнаматериалда.

Бес жыл бұрын Қазақстанда жер беруге мараторий жарияланған болатын. Биыл оның мерзімі аяқталады. Осына еске салған мемлекет басшысы жыл аяғына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізу қажеттілігін айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай жер жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануы тиіс. Үкіметке биыл қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.

Соңғы жылдары өңірлердегі шаруалар жайылымға жер жоқ екенін айтып жиі шағымданады. Ал ауыл шаруашылығын дамыту барысында жер қатынастары маңызды рөл атқаратыны белгілі. Мемлекет басшысы әкімдіктердің жұмысын сынап, жерді алып, бірақ қолданбай жүрген қожалықтардан қайтаруып алуды жүктеді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда, оның 36 пайызына ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке, Бас прокуратурамен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын.


Ауылдағы мәселеден қаладығы проблемаға ауысқан Президент пәтер мәселесіне тоқталды. Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілгелі, баспана бағасы өсуі де мүмкін екені көтеріліп жүр. Үкіметке бұған жол бермеуі керек, сондықтан тосқауыл қоюды тапсырамын деді. Сондай-ақ Үкімет екі апта ішінде тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа топтамасын әзірлеуі тиіс.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Ол халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам заем берілді. Осы бағдарламаның аясында өңірлерде қолжетімді кредиттік үйлер салынып жатыр. Дегенмен, оның жүзеге асыру қарқынының төмендегені байқалады. 9,5 мың ғана тұрғын үй салынған немесе жоспардың 56 пайызы ғана орындалып отыр.

Дейтұрғанмен алқалы жиында Қазақстан тарихын бірізге түсіру жүктелді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің де мәселесін шешуді міндеттеді. Президенттің айтуынша орын саны жетіспеушілігінен бұрын сапасы да ақсап тұр. Мәселен 11 мың балабақша болса, оның 36 пайызында кәріз жүйесі атымен жоқ, ал 29 пайызында ыстық су проблемасы шешілмеген. Жиындағы айтылған проблемаларды бірізге салмай, бәсекеге қабілетті ұлт туралы айту қиын, дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан Үкімет пен әкімдерге  мәселені жіті бақылауға алып, шешу жолын қарастыруды тапсырды.  

Ә. Өмірзақ