Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мал ұрлығына әскерилердің қатысы болған ба?

AstanaTV
27.01.2021ж. 20:00
2186
Мал ұрлығына әскерилердің қатысы болған ба?

Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара жасағы мен әскери қызметкерге қатысты сот процесі басталды. Топтасып мал ұрлады деген айыппен сотқа тартылғандардың бірі - Сарыағаштағы 2020 әскери бөлімінің «Дархан» шекара заставасында қызмет етсе, екіншісі - Сарыағаш шекара қызметінің бақылаушысы. Мемлекеттік айыптаушы Сапарғали Теменұлы, қос әскеридің Келес ауданындағы мал ұрлығына былтыр шілдеден бастап кіріскендерін дәйек қылды.

Прокурордың дерегінше, әскерилер бұл қылмысқа былтыр шілдеден бері қатысып келген. Ұрлыққа қатысқандардың өзге төртеуі - жергілікті тұрғын. Ұйымдасқандар жайылымнан бөлек қорадағы малға да ауыз салған. Жәбірленушілерге 3 млн теңгеден астам шығын келгені дәлелденген. Егер сот олардың кінәсін дәлелдесе, ұйымдасқан топ мүшелері 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы бек мүмкін.

А. Төребекқызы