Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Коронавирустан оқушы қайтыс болған, - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

AstanaTV
28.01.2021ж. 20:00
2942
Коронавирустан оқушы қайтыс болған, - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда коронавирустық инфекциядан бала өлімі тіркелді. Науқас Ақмола облысының 16 жастағы тұрғыны. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сонымен бірге, елде індеттің таралуы қарқыны өзгеріссіз қалып отыр. Бірқатар аймақта карантин күшейтіліп, шектеу шаралары енгізілді. Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр толықтырады.

Кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала, өткен жылдың шілде айында өмірден озған. Минисртлік науқастың бірқатар ауруы болғанын айтып, хабарлама жіберді. Тіпті, дәрігерлердің есебінде тұрыпты. Марқұм ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Неге екені белгісіз оны министрлік жарты жылдан соң жария қылды.  

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Пациенттің соңғы диагнозы: Коронавирустық инфекцияның ауыр ағымы. Өкпе тінінің зақымдануы 75 пайыздан жоғары. Компьютерлік томографияның нәтижесі екі жақты полисегментті пневмонияны көрсетті.

Республика бойынша өткен тәулікте 1400-ден астам адамнан COVID-19 ПТР сынамасы арқылы анықталған. Сырқаттанушылардың көшін солтүстік аймақтар бастап тұр. Жалпы пандемия басталғалы коронавирусқа шалдығу жағдайы 182 мыңнан асты. Қайтыс болғандар саны: 2521. Кеселдің статистикасын індет белгілері бар өкпе қабынуы да толықтырып тұр. 1 тамыздан бастап, 48 мыңға жуық адам ауырып, 564 өлім дерегі тіркелген.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан 27 мыңнан аса адам емделіп жатыр. Науқастардың арасында 274 емделушінің жағдайы ауыр, 47-інің өмірі қыл үстінді. Сондай-ақ, сырқаттардың 34-і өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.

Инфекцияның таралуы бойынша, Қазақстанның 8 өңірі матрицаның қызыл белдеуіне кірген. Солардың ішіндегі Алматы қаласы карантинді күшейту шараларын қолға алды. Мегаполистің бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыны жариялады. Онда мынадай шектеулер көрсетілген. Ойын-сауық, спорттық іс-шаралардан бөлек,  отбасылық мерекелді де атап өтуге тыйым салынады. Театрлар мен кинотеатрлардың жұмысы қайта тоқтатылады. Облыс және қалааралық тасмалдау қызметіне де қатаң шектеу енгізілді. Сондай-ақ коронавирус жұқтырға науқастардың барлығын ауруханаға жатқызбақ. Соңғысы әрине, көпшілікке ұнай қоймағаны сөзсіз. Мұның себебін Жандарбек Бекшиннің орынбасары былай түсіндірді.

Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, АЛМАТЫ қ. БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әдетте инфекцияны симптомсыз түрін жұқтырған науқастар таратады. Әсіресе, қызмет орнында, тамақтану және сауда орталықтарына баратын адамдар. Содан кейін олар үйіне барып, ауруды ата-аналарына, ата-әжелеріне, жүкті әйелдер мен созылмалы аурулары бар адамдарға жұқтырады. Осының алдын алу үшін барлығын ауруханаға жатқызып, емдеу жөнінде шешім қабылданды.


Коронавирустың екінші толқыны, бұрғысынан да қауіпті деп жұрт шуласты. Әлеуметтік желілерде "бұл жолы симптом болмай, бірден қайтыс болады" деген жанұшырар ақпаратттар тарай бастады. Бірақ медицина қызметкерлері мұны жоққа шығарды.

Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС-БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Мутацияланған түрлерінен коронавирустың белгілері өзгеріп жатқан жоқ. Ол сол баяғы классикалық белгілері болып табылады. Бірақ симптомсыз түрімен жүріп қайтыс болған кісілер әзірге медицинада кездеспеді.  

Ведмоства аралық комиссияның бүгінгі өткен жиынында вакцина мәселесі сөз болды. Алдын ала мәлімет бойынша коронавирусқа қарсы отандық екпенің тиімдігі 96 пайыз екенін айтып отыр. Сондай-ақ премьер-министр әкімдіктерге вакцина жасау пункттерін дайынауды тапсырды.

А. Данияр