Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Абақтыда отыратын камерасын таңдап жүрген кім?

Абақтыда отыратын камерасын таңдап жүрген кім?

Желіні шулатқа бұл видео көптің жағасын ұстатты. Көпшілік мұны Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау абақтысы екендігін айтуда. Байқағандарыңыздай полиция қызметкерінің қасындағы күдікті емін-еркін абақты камераларын аралап, отыратын жерін таңдап жүр. Желі қолданушылары бұл адам, осыдан аз уақыт бұрын Қылмыстық кодекстің «пара алу» дерегі бойынша қамауға алынған қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары деп көрсеткен. Облыстық полиция департаменті мұны растамады, тіпті жоққа да шығармады. Ресми мәліметте, бұған қатысты зерттеп-зерделеу жұмыстары басталып кеткенін жазбаша хабарлады.

Шамшидин АМИТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу басталды. Бейнежазбаның шығу дерегі зерделенуде.


М. Тоқтасынқызы