$491.7 €531.28 ₽5.07
×

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен қызметкерлер марапатталды

AstanaTV
12.09.2017ж. 20:00
2983
ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен қызметкерлер марапатталды

Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесінің ойдағыдай өтуіне құқық қорғаушылар мен төтенше жағдай саласы өкілдерінің қосқан үлесі зорКөрме өткен үш ай бойы олар әдеттегіден де қырағылық танытып, тыныштықты сақтау тұрғысында қыруар жұмыс атқарды. Тәртіпті қадағалау мақсатында өзге аймақтардан 300-ден астам полицей елордаға келіп еңбек етті. 36 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар ТЖ комитетіне қарасты жеке құрамның мыңнан астам өкілі, 115 бірлік техника мен 5 тікұшақ маңызды шараның қауіпсіздігі жолында жұмыс істеді. Павильондар аумағында тәулік бойы үш ауысымда апаттық-құтқару топтары мен өрт сөндірушілер қызмет етті.

Артур Платонов, Астана қаласы №1 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі:

Түні бойы патрульге шығып жүрдік, бәрін қарап жүрдік. 3 ай бойы күнде-күнде. Түнде үш рет шығып жүрдік.

Азамат Кенжебеков, Астана қаласы құтқару бөлімінің құтқарушысы:

Бірде біздің бөлімге жедел хабарлама түскен соң, суға батып бара жатқан қыз баланы құтқаруға аттандық. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалдық. Жалпы бұл маусымда 27 адам құтқарылды, олардың алтауы - бала. Бақытымызға орай, ЭКСПО көрмесіне келген туристер келеңсіз жайтке ұшыраған жоқ.

Бүгін ІІМ ТЖ комитетінде ЭКСПО-2017 көрмесінің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Қорытындылар жарияланып, саладағы озаттары таныстырылды. Жиын барысында 100-ге тарта  үздік маман төсбелгілерге ие болды. Олар құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.