$498.34 €519.72 ₽4.85
×

200 мыңнан астам елордалық жол ақысын төлеуден жалтарған

AstanaTV
16.02.2021ж. 20:00
1462
200 мыңнан астам елордалық жол ақысын төлеуден жалтарған

Елордада өткен 1 жарым айда 200 мыңнан астам жолаушы жол ақысын төлеуден жалтарған. Олардың тек 3 мыңға жуығына әкімшілік жаза қолданылыпты. Мұндай ақпаратты көліктегі бақылау департаменті келтірді. Айтуларынша, ережебұзушылардың басым бөлігі СМС төлемақыдағы ақаулықты сылтаурататын көрінеді. Жауаптылар енді тиісті заңнамаға бірқатар өзгертулер енгізілуді көздейді. Бұл туралы бүгін қалалық Мәслихат депутаттарының жауапты мекемеге жұмыс сапарында белгілі болды.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Қылмыс деңгейін азайту мақсатында, қоғамдық көліктер онлайн төлемақығы көшкелі біраз уақыт өтті. Алайда, төлемнен жалтаратын жолаушылар саны азаймай отыр. Бұған қолбайлау тұстар да баршылық, мәселен бақылаушылар билетсіз азаматтарды ұстағанымен, айыппұл салу үшін полицейлерді күтуге мәжбүр.


Иә, заңнамадағы өзгеріс осыдан басталмақ. Себебі, бір қызметті бірнеше органның атқаруы келеңсіздіктерге ұшыратуда. Тіпті, тәртіпбұзушылардың жазадан құтылуына да жол ашып отыр. Түйіткілді шешу үшін, депутаттар көлік бақылау департаменті өкілдеріне айыппұл рәсімдеу құқығын беруді ұсынбақ. Жоспар дайын, өзгерістер жуықарада Мәжіліске жолданбақ.

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:


Бүгінгі ұсынылған жобалар да, атқарылатын мәселелер де дұрыс деп ойлаймын. Алдағы уақытта құзыретті өкілдермен, органдармен бірігіп отырып барлығын шешеміз.  


Аталған өзгерісті бақылаушылар қос қолдап қолдайды. Олар қулығына құрық бойламайтын жолаушыларды анықтағанда 102 қызметкерлерін кейде сағаттап күтетіндерін айтады. Ал, жаңа жоба іске қосылса жұмысымыз жеңілдей түсер еді,- дейді.

Азат ТІЛЕУБАЕВ, КӨЛІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

Қызметкер қоғамдық көлікке келіп тексергенде ғана, көп жолаушы төлемақы төлеп жатады. Егер кірмесек, тегін жетіп жатқандар да бар. Жұмысымыз нақыталана түсуі үшін мұндай мүмкіндікті бізге берсе дұрыс болар еді деп ойлаймын.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек, жолдағы заңбұзушылықтарды азайту үшін компания өкілдері пилоттық жоба әзірлеген. Жаңашылдыққа сәйкес, қоғамдық көліктерге арнайы бейнекамералар орнатылмақ. Құрылғылар ереже бұзушыларды дереу анықтап, орталықтандырылған жүйеге жолдайды

Бемырза ЕГЕНБЕРДИНОВ, «CTS» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:


Біз бірнеше жылдан бері осы пилоттық жобаны әзірледік. Қазіргі кезде қондырғылар 15 автобусқа енгізілген. Егер, мемлекеттен қолдау табылса және жауапты органдармен келісім жүргізілсе жобамыз бірнеше жылда толық іске қосылады деп ойлаймын.

Жиында қоғамдық көліктердің тарифтік бағасы да сөз болды. Басқарма басшысы Бекмырза Егенбердинов елдегі экономикалық ахуалды ескеріп алдағы бірнеше жылда жол жүру ақысы көтерілмейтіндерін атап өтті.

Ғ.Өтемісов