Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мексикадағы зілзала құрбандарының саны 90 адамға жетті

AstanaTV
11.09.2017ж. 20:00
2312
Мексикадағы зілзала құрбандарының саны 90 адамға жетті

Мексикадағы зілзала құрбандарының саны 90 адамға жетті. Әсіресе елдің оңтүстігіндегі Оахака штатында қаза тапқандар өте көп, - деп хабарлайды Рейтерс.  Апаттан ең қатты зардап шеккен Хучитан қаласында көшелерді тазарту жалғасып жатыр. Үйі құламай аман қалған тұрғындар болса әлі де баспанасына кіруге қорқады. Билік өкілдері электр энергиясы жүйелерінің 90% қалпына келтірілді деп хабарлағанымен, жүздеген адам жарықсыз отыр.

Еске салайық қуаты 8,2 баллды құрайтын жер сілкінісі өткен бейсенбіде орын алған. Бұл Мексикада соңғы бірнеше онжылдықта болған ең ірі табиғат апаты. Ел президенті Энрике Пенья Ньето үш күндік қаралы күн жариялады.