Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы атап өтілді

AstanaTV
26.02.2021ж. 20:00
2035
Елордада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы атап өтілді

Елордада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы тойланды. Рухани шарада сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығырмашылығы мен бай мұрасы насихатталды. Алдымен ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталған игі шара, көрмеге ұласты. Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулет, ақынның туындалары заман ағымы қанша өзгерсе де, еш маңыздылығы жоғалмайтынын атап өтті. Тіпті, мерейлі мерекеге орай Жамбыл Жабаевтың 3 томдық жыр жинағы басып шығарылатынын жеткізді.

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Оның өзінің таза табиғатынан шыққан. Талантынан пайда болған шығармашылығына лайықты баға беретін кез келген сияқты. Ұлт өзінің Жамбылын ешқашан ұмытпауы тиіс.

Сондай-ақ, жиналғандар Жамбыл Жабаевтың көзі тірісінде қолданған жәдігерлерімен танысты. Ақынның немересі Салтанат Жамбылова, атаулы мереке ел ішінде ауқымды өтіп жатқанын айтты. Ол мұражайға бірегей жәдігерлер қойылғанын атап өтті.

Салтанат ЖАМБЫЛОВА, ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:

Жамбыл атаның музейі дейтініміз өзінің тұрған үйі. Қайтыс болғаннан кейін бір жылдан кейін-ақ музей болған. Биыл оған да 75 жыл толып қалыпты. Соған баланысты жеке заттарын, киген киімдерін, тірі кезінде сыйланған жәдігерлерін көпшіліктің назарына ұсынып отырмыз.


Ғ. Өтемісов