$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар облысында тұрғындар сапасыз суға ақы төлеуден бас тартты

AstanaTV
02.03.2021ж. 20:00
2519
Павлодар облысында тұрғындар сапасыз суға ақы төлеуден бас тартты

Павлодар облысында тұрғындар сапасыз суға ақы төлеуден бас тартты. Өйткені, олар судың сапасы мен бағасы сәйкес келмейді дейді. Айтуларынша, Малайсары ауылындағы орталықтан таратылатын су, ішуге жарамсыз. Сондықтан, ауыл халқы суды тасып ішіп отыр. Ауылдықтардың жай-күйін тілшіміз біліп келді.
 
Май ауданына қарасты Малайсары ауылының тұрғыны Бекболат Докеев, тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр. Өйткені, үйдегі су тұз татиды. Ал тұзды судың бағасы ауылдықтар үшін тым қымбат деп отыр.

Бекболат ДОКЕЕВ, МАЛАЙСАРЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Судың еще бағасы қымбат. 294 теңге дейді. Официально ол бекітілген тариф. Ол өте қымбат. Мысалға алсақ, Ақсу қаласында 100 теңгеден артық, бізде 300 теңге. Енді білмеймін халық, ел қалай күн көретінін. Ішуге су жараса, ауыл халқы модульге флягы сүйреп қыс бойы жүрер ме еді. Даже біздің ауылдың әкімінің өзі модульден су ішеді.

Ауылдағы тұрғындардың көбі суды, су тазартатын қондырғыдан ішіп отыр. Елді-мекенге өткен жылы ғана орталық су құбыры тартылған. 15 ауылды қамтитын Май топтық су құбырына қазынадан 5 млрд-тан астам қаражат жұмсалынған. Алайда, бұқара қомақты қаржының игілігін көре алмадық - деп ашынды.

Вера ШАЙХИНА, МАЛАЙСАРЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ап-ашты су. Өзі қол жууға да келмейді. Жарылып бітті біздің қолымызда, бетімізде. Ішсең іш ауырады. Мынау 3 күн істемей қалды. Соны іштік. Магазиннен барып сатып алдық ана немен.

Жанарбек КӨШКІНБАЙ, МАЛАЙСАРЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді міне, 300 теңгеден қойыпты еще кубын. Қалай төлейміз ащы суға. Ол тұщы болса жақсы. Таңертең осында суға келеміз. Аяз болсын, боран болсын! Ішуге келсе, мұнда келеміз бе су алуға.

Ал аудан әкімі Марат Ақтаев болса, тұрғындардың уәжін негізсіз деді. Ол орталық су құбырынан келетін тіршілік көзі ішуге жарамды екенін айтады. Бізге осыдан 1 ай бұрын жасалған сараптама қорытындысын да көрсетті. Онда ауыз судың талапқа сай екені жазылған.

Марат АҚТАЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз ол жерге қайтадан шығып, тексеріс анализдерін жасауға алып, ол жерге қоғамдық кеңес депутаттарды белсенді зиялы қауымды тартып қарастырамыз қайтадан. 600 теңге сұраған. жанағы тарифті сұраған кезде антимонополия. Бірақта, халықтың жағдайын ескеріп, осы тарифке келді. Мен ойлаймын, бұл өте қолайлы деп.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Осы айдан бастап тұрғындар ауыз су үшін ақы төлей бастамақ. Алайда, ауылдықтар жарамсыз су үшін төлем жасаудан бас тартып отыр. Судың сапасын аудан әкімі қайта сараптамадан өткіземіз - деп сендірді.
 
Ө. Қуанар