$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Түрмедегілерге 5 есе көп қаражат жұмсалады, - депутат

AstanaTV
03.03.2021ж. 20:00
2067
Түрмедегілерге 5 есе көп қаражат жұмсалады, - депутат

Біздің елде балаларға бөлінетін жәрдемақыға қарағанда, түрмедегілерге 5 есе артық ақша жұмсалады. Бүгін мәжіліс депутаты осыны жеткізді. Айжан Сқақова бала күтімімен отырған отбасыларға әлеуметтік көмекті арттыру қажеттігіне тоқталды. Ол күтім бойынша жәрдемақыны ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін ұлғайтуды ұсынды. Ал ақылы декреттік демалыс кезеңін екі жылға дейін белгілеу керек деп отыр.

Айжан ЫСҚАҚОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
 
Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының мөлшері-16 801,92 теңге. Ал сотталған бір адамға бюджеттен айына шамамен 88,5 мың теңге жұмсалады. Айырмашылық бес есе. Ел үшін қайсысы тиімді. Болашақ дәрігер, мұғалім, ғалым болатын бала ма, әлде тұтқын, ұры, зорлаушылар ма? Ойлану керек сияқты.


Ғ.Өтемісов