Қарағанды тұрғыны бөтелкелесін өлтіргенімен қоймай, оның денесін бөлшектеп, қоқысқа лақтырған. Қанды қылмыс өткен аптада тіркелді. Алайда оның жай-жапсары енді ғана жария болып жатыр. Жан түршіктірерлік оқиға Университеттік көшесі 19-шы үйде болған. Бұл - сол маңдағыларға танымал Арман есімді жігіттің пәтері. Көршілердің айтуынша, 2-наурыз күні ол бірнеше бөтелке арақ алып, көршісі Даниярды қонаққа шақырыпты. 37 жастағы жігітті мұнан соң ешкім көрмеген.
Александр ПОСТНИКОВ, КУӘГЕР:
Мен Арманмен араласып тұратынмын. Сол күні оған қоңырау шалдым. Данияр сенің қасыңда ма? - деп сұрадым. Ол жоқ, көрмедім деп тұтқаны тастай салды. Ол екеуі бірге ішкені анық. Пышақ сілтеген. Данияр қарсы келген, ал анау күштілік танытқан болып тұр шамасы.
Туыстары Даниярды үш күн бойы іздеген. Ал, көршісі сол кезде бөлшектелген денені қоқыс қалташаларына салып, түнделетіп сол маңдағы бірнеше қоқыс жәшіктеріне бөліп тастаған. Қазір осы оқиғаның ізімен қылмыс іс қозғалған.
Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
33 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсету шараларын берді. Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Көршілердің білуінше, күдікті жиі ішімдік ішіп, айналасындағыларға әлімжеттік жасайтын болған. Есірткіге де әуестігі бар деп қалды. Кісі өлтірген 33 жастағы азамат мұнда жалғыз тұрады. Жүйкесі сыр бергендіктен туыстары оны жалғыз қалдырған дейді тұрғандар. Ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмыспен сегіз жылжазасын өтеп шыққан.
А. Төребекқызы