Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Кей өңірлерде аяз көтеріледі

AstanaTV
11.03.2021ж. 20:00
1702
Кей өңірлерде аяз көтеріледі

Тобыл өңірінде боран басылмай тұр. Сапарға шығатын көлік жүргізушілер де қара басын қатерге тігуді тоқтатар емес. Тәулік бойы құтқарушылар 7 операция жүргізіп, қар құрсауында қалғандарға көмек көрсеткен. Аймақта ауа райы құбылмалы. Апта бойы соққан ақ түтек боран тиылар емес. Тұрғындар болса дабылды ескертуді ескермей жолға шығып кетіп жатыр. Жедел-құтқару жасағы соңғы тәулікте қарға батқан қырықтан астам автокөлікті сүйреп шығарды. Жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізген. Олардың арасында ауыр жарақат алған аудан тұрғыны да бар.

Азамат ОРЫМБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен тәулікте Қостанай облысы бойынша 7 республикалық маңызы бар автокөлік жолдары және облыстық 18 учаскелік жолдар жабылды. Ауа райының бұзылғанына қарамастан халық ескертуге құлақ аспай жолдарға шығып, сосын құтқарушылардан көмек сұрайды.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша ертең  Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында ауа температурасы түнде 30 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейеді. Еліміздің көптеген өңірлерінде жел екпіні күшейіп, секундына 30 метрге дейін жетеді. Тұман, бұрқасын, көктайғақ болады деген болжам бар.

З. Санай