$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Шымкентте ерекше балаларға алдағы уақытта кәсіби білім қоса берілмек

AstanaTV
15.03.2021ж. 20:00
1822
Шымкентте ерекше балаларға алдағы уақытта кәсіби білім қоса берілмек

Шымкенттегі ерекше балалар, мектеп бітірген кезде, бірден кәсіби мамандықты да қоса игеріп шығады. Мұндай мүмкіндік бірінші кезекте "Сайрам көмекші мектеп-интернатында" оқыған балаларға бұйырғалы тұр.

«Nur Oran» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында, дәл осы оқу-орыны жанынан арнайы кешен құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс алдағы шілдеде аяқталмақ. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар болса, өз  қызығушылығына қарай ағаш өңдеуші, тігінші және аспаздық сынды мамандақтырды игере алады. Бұл жайында «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу кезінде белгілі болды.

Жанар БЕКТАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Партияның бастамасы бойынша алдағы уақыттағы сол ерекше балаларды жұмыспен қамту бағытын әрі қарай іске асыру бойынша біз ұсыныстар әзірлейтін боламыз. Жұмыспен қамту арқылы қаншама квота беріледі бұл кісілерге, қалай әрі қарай жұмысқа орналастыру мәселесін қарау бойынша ұсыныстар әзірлеу бағытында келіп отырмыз.

Жанар Бектаева, мұнан соң Сайрам тұрғын алабындағы мыңға жуық мүшесі бар «Исфиджап» бастауыш партия ұйымы өкілдерімен де кездесті. Жиылғандар «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы жөнінде пікір алмасты.  «Нұротандықтар» партияның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру керектігін де пысықтады.

А. Төребекқызы