Павлодар облысындағы Май ауданы тұрғындары Ертіс өзенінен су ішіп жүр. Өйткені орталық су құбыры істен шығып, бүтін ауыл сусыз қалған. Аймақтағы әріптесім Өзгеріс Қуанар елдімекенге барып, жағдайды көзімен көріп қайтты. Ол ауызсуға жауапты мекеменің жұмысшыларына 2 айдан бері жалақы бермегенінде анықтады.
Аудан орталығында тұратын Жанар Нұрғожина, суды өзеннен тасып жүр. Өйткені, су құбыры өткен жұмада істен шыққан. Амалы таусылған бұқара күніне екі рет келіп, өзеннен су алады. Себебі, суды үйге жеткізуде оңай болмай тұр. Сондықтан аз-аздан таситындарын айтады.
Жанар НҰРҒОЖИНА, КӨКТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жалғызбасты анамын 3 бала асырап отырған. Су жоқ деп айтады қайдан аламыз білмеймін. Үйіме де су тартылған жоқ. Қазылған жоқ, қазылады - деп айтады обещает. 3 бала. 2 қыз, су тасу қиын бізге.
Көктөбеде 3 жарым мың адам тұрады. Олардың қазіргі тұрмысы осы. Ал, өзеннен алыс тұратындары ішетін суын ауылдағы тазарталмаған қондырғыдан тасып жүр.
Серік САТЫЛҒАН, КӨКТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Суымыздың жағдайы осы, міне. XXI ғасыр барлығы дамыған заман ғой. Осындай су ішіп отырмыз. Үйге де кіргізіп берген бірақ, ішуге келмейді таза емес. Ол 2 күн болды тоқтап қалды су. Енді мына су болмаса, қарды ерітіп ішуге шақ қалдық.
Мұратбек МЫРЗАТАЕВ, КӨКТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қыс бойы осылай тасып ішіп келеміз. Ана үйге келетін су әлі нақты таза болмай тұр. Сондықтан, осы жерге келіп тұрмыз. Бір шетінен бастайды. Каждый үйде осындай емкость бар әкеліп құйып кетеді. Екінің кезінде, екіден кете осылай.
Әліптің артын бақсақ, суға жауапты мекеме қарамағындағы жұмысшыларға да жалақы төлемеген. Айтуларынша екі айдан бері айлық алмаған. Мұнда ұзын саны 130-ға жуық қызметкер бар.
Надежда ГОФМАН, "МАЙ-СЕРВИС" ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ СУ ТАРАТУШЫ ОПЕРАТОРЫ:
Біз бастықтарға айлығымызды беріңдер - деп күнде бардық. Олар бізді құрғақ уәдемен күнде ертең - деп тойдырды. Тіпті, коммуналдық ақыға ақшам қалмай қалды. Өзім жалғызбастымын. Күйеуім қайтыс болған.
Мекеме жұмысшылары, жұмыс беруші өткен жылдан бері зейнетақы қорына қаражат аудармағанын айтты.
Мансұр КӘРІМОВ, "МАЙ-СЕРВИС" ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
"Май-сервис" мекемесінде 5 жыл жұмыс істедім. Өткен жылы 7-қазанда жұмыстан шығып кеттім. Жұмыс орным 2020 жылдың наурыз айынан бері зейнетақы қорыма ақша аудармады. Мұнда мен ғана емес, шамамен жүзге жуық қызметкердің зейнетақы қорына әлі ақша жіберілмеген. Бастықтардан талай мәрте сұрадық. Әлі жауап жоқ. Бұрынғы басшы жұмыстан шығып кетті.
Жұмысшылар мекеменің кері кеткен жұмыстарын жіпке тізгені сол еді, жауаптылар 2 айдан бері берілмеген жалақыны төледі. Тіпті тіршілік нәрін де, бүгіннен қалдырмай береміз деп сендірді.
Серік ҚҰСАЙЫНОВ, "МАЙ-СЕРВИС" ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
2 ай жалақы кешіктірілген себебі, бұл Май топтық су құбыры бізге берілгеннен кейін яғни, «Май-сервистің» балансына январдан бастап, біздің мекеме су таратушы монополист ретінде Астанада министерство финансовадан тіркеуден өту керек болған. Осы процесс екі айға созылып кетті.
Ал, зейнетақы қорына қаражаттың аударылмауына бұрынғы басшы кінәлі – деп отыр. Дегенменде, олқылықтың орнын толтырамыз дегеннен таймады. Судың сапасы талапқа сай – деп ақталды. Бұған дейін Малайсары ауылының тұрғындары судың ішуге жарамсыз екенін айтқан болатын. Тіпті, қолдарында құжаттары да бар. Бірақ, ауданның санитарлық бақылау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Гүлзира БЕКМҰХАМБЕТОВА, МАЙ АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
Су құбырының және жеке үй крандарынан су сынамалары алынды ақпан айында 100 сынама алынды. Оның барлығы 4 лабораторияға тапсырылды. Бүгінгі күні судың сапасы санитарлық қағидаларға сәйкес келіп тұр.
Айта кетейін, құрылысы 10 жылға созылған Май топтық су құбыры былтыр ғана қолданысқа берілген болатын. Алайда, жаңа құбыр бір қысқа жетпей, сыр берді. Тұрғындар судың тұзды екенін айтып, ақы төлеуден де бас тартқан болатын.
Ө. Қуанар