$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Коронавирус қарсы отандық вакцинаның қашан өндіріске шығатыны белгілі болды

AstanaTV
17.03.2021ж. 20:00
1706
Коронавирус қарсы отандық вакцинаның қашан өндіріске шығатыны белгілі болды

Қалалар карантинге жабылуы мүмкін бе? Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі, мұндай шешімді ведомствааралық комиссия қабылдайтынын жеткізді. Бірақ әзірге бұл жоспадар жоқ, деді. Оның бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын да еске салды. Ал, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы локдаунның қанша уақытқа созылатыны да белгісіз. Ол халықтың карантин талаптарын қаншалықты сақтайтынына байланысты болмақ.

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Халыққа, бизнес өкілдеріне елдегі жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, өзінің де инфекция жұқтырып алмау, өзгелерге де зияны тиіп кетпеу жағын баса айтқым келеді. Мүмкіндігінше, барлығымызға бірдей белгіленген карантин шаралары мен қарапайым алдын алу ережелерін орындау қажет. КВИ-дің отбасы мүшелеріне қауіп төндіретінін ұмытпаңыз. Әсіресе, "қызыл" және "сары" аймақта тұрған өңірлерде адам көп жиналып, коронавирус жұқтыру қаупі жоғарылайтын жиындардың алдын алу керек.


Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаға қатысты да, мамандар пікір білдірді. Бүгінде QazCovid-In препараты клиникалық кезеңінің 3-ші фазасынан өтіп жатыр. Жоспар бойынша ол сәуір айының соңына дейін  дайын болуы керек.

Нұрлыбек АСЫЛБЕКОВ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Вакцина сәуір айының соңына дейін дайын болады деп күтілуде. Алғашқы партиясында 50 мың доза өндіріледі. Одан әрі оны көбейтуді жоспарлап отырмыз. Технология трансфері берілді және оны шығаруға мүмкіндігіміз бар.

Қазірше қазақстандықтарға Ресейдің «Sputnik V» екпесі салынуда.  Бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, дәрінің бірінші компанентін 84 мыңға жуық, екіншісін 19 мыңнан астам адам қабылдаған. Бұдан бөлек, ведомства Pfizer, Moderna, Sinovas, Johnson& Johnson компанияларының вакциналарын сатып алу  үшін келіссөздер жүргізіп жатқандарын айтты.

А. Данияр