Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Павлодарда жүйткіп келген жүк пойызы жеңіл көлікті басып кете жаздады

AstanaTV
25.03.2021ж. 20:00
1758
Павлодарда жүйткіп келген жүк пойызы жеңіл көлікті басып кете жаздады

Павлодарда жүйткіп келген жүк пойызының, алдын бөгеген жеңіл көліктің иесі анықталды. Оқыс жағдайды, тепловоз машинисті телефонына түсіріп алған. Шарбақты ауданының Алексеевка ауылының тұсындағы өткелден өтетін кезде, пойыз, ресейлік нөмір таққан көлікті басып кете жаздады. Таспада "Toyota kamry" автокөлігі теміржолдың қақ ортасында тұрғаны, анық көрінеді.  

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бағдаршамның қызыл түсін елемеген жеңіл көлік теміржолдан өте бергенде өшіп қалған. Машинист тежегішті басты, десе де пойыз жақындаған сәтте көлік от алып, жолдан өтіп үлгерді. Ережені елемеген жеңіл көліктің иесіне әкімшілік іс қозғалды. Полицияның дерегінше, Шарбақты ауданының 38 жастағы тұрғыны, енді 30 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелмек.

Ө. Қуанар