$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ресейдегі төбелесте жапа шеккендер арасында отандастарымыз жоқ - СІМ

AstanaTV
25.03.2021ж. 20:00
2800
Ресейдегі төбелесте жапа шеккендер арасында отандастарымыз жоқ - СІМ
Мурманскідегі жаппай төбелес кезінде тұтқындалғандар мен жарақат алғандар арасында отандастарымыз жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен хабарлады. Вахталық әдіспен қызмет ететін жұмысшылар, 23 наурыз күні құрылыс алаңында жаға ұстасып қалған. Кикілжің қанды қақтығысқа ұласқан, алты адам жарақат алды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жұмысшылардың бірі мойнынан жарақат алған, ал екіншісінің бет сүйегі сыныпты.

Әлеуметтік желіде тараған хабарламада, бір-біріне жұдырық сілтегендердің арасында қазақстандықтар болғаны айтылған. Түрлі ақпарат көздерінен түскен деректерге сүйенсек, бұл жанжал асханада немесе қызметтік автобустың ішінде болған көрінеді. Қазір бұл жайтың анығын полиция тексеріп жатыр. Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы да жағдайды бақылап отырған көрінеді.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұл кикілжің - тұрмыстық сипаттағы оқиға. Компания өкілдерінің айтуынша, мәселе шешімін тапқан және қызметкерлер бұрынғыша жұмыс істеп жатыр. Қолдағы деректерге сәйкес, полиция тұтқындағандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ.


Е. Карин