Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте өртенген көліктен табылған кәсіпкер ақша үшін өлтірілген болуы мүмкін

AstanaTV
29.03.2021ж. 20:00
2707
Шымкентте өртенген көліктен табылған кәсіпкер ақша үшін өлтірілген болуы мүмкін

Шымкентте жұманың кешінде өртенген көліктен табылған мәйітке қатысты тың деректер белгілі болды. Туыстарының айтуынша Сайрам тұрғын алабының тұрғынын өлтіргендер оның қалтасындағы ақшаны көксесе керек. Ет жақындарының сөзінше, марқұмға 25 млн теңгеге жер сатамын деп шақырғандар кәсіпкер жігітті балтамен ұрып өлтіріп, кейіннен өртеп жіберген.

Марқұм, 35 жастағы ұлы Аваз Жаналиевтің анасы, баласын өлтіргенімен қоймай, өртеп жібергені жанымды жегідей жеп барады дейді. Атуынша, кәсіпкер баласы сол күні таңертең жер сатып алуға 2 млн. теңгемен шығып кеткен. Алайда таяқ тастам жерден хабар болмағасын алаңдап қоңырау соққанмен күндізгі екіден телефоны сөндірулі болғанын айтады.

Гүлзада ЖАНАЛИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Құжаттарын сұраған, сол кезде үйде бар деп апарған, үйіне кездескен әйел. Сол кезде балтамен баламды ұрыпты. Анасы да арқадан ұрған. –анасы ұрған ба? –Анасы ұрған. Анасы, баласы, келіні үшеуі болған сол жерде.  

Ауыл іргесінде автокөліктің отқа оранғанын сол маңдағы тұрғын байқаған. Шұғыл көмек шақыртқан да сол. Түгі қалмай жанған машинада адам барын кейіннен байқаған. Мәйітті кісі танып болмайды. Аваздың досының білуінше жер сатпақ болғандар 25 млн теңгеге келісіп, ақшаны сол сәтте қолма қол түгел алып келуді қайта-қайта пысықтаған көрінеді.

Расулмат АЛИМКУЛОВ, МАРҚҰМНЫҢ ДОСЫ:


Өзі ақша барма қасыңызда ақшаңыз дегенде ол: «бар ақшам, бәрі бар», қасымда дейді. Ол 2 млн деп айтпайды, ақшам бар деп айтады. Ол сол кезде ақшасында ойы болған ақшаны алуға.

Марқұмның ет жақындары бұл істе күдікті жалғыз болмағанына сенімді. Алпамсадай Аваз оңайлықпен бой алдырмайтын жігіт деп отыр. Досының сөзінше, тергеуге берген түсінігінде күдікті қылмысын мойындаған.

Расулмат АЛИМКУЛОВ, МАРҚҰМНЫҢ ДОСЫ:

Машина оталып тұрады. Сөйтіп машинаға отырған кезде ол айтады бала айтады: үстінен бензин құйдым дейді, баланы жатқызып қойып. Кейін жағып машина оталып тұр ғой, қырға түсіріп жіберем деп айтады да ойым сондай болды дейді менің есіткенім, сол кезде РОВД да есіттім мен. Сөйтіп мен жаққан ем жанбады дейді. тағы жақтым жанбады дейді. үшінші рет жанған кезде менің бетіме.


Алайда көлікті сайға итеріп жіберем деген ойы жүзеге аспай қалыпты. Жалынға оранған көліктен қашып бара жатқанын жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалыпты. Күдікті бейнекамера арқылы табылды.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Айта кетейік, туыстарының білуінше ұсталған адам бұрын сотты болған. Ал ұзақ жыл Кореяда жұмыс істеп, елге былтыр ғана оралған Аваздың артында аяғы ауыр келіншегі мен бірі он жаста, екіншісі он айлық ұлы қалды.

А. Төребекқызы