Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Коронавирустың салдарынан ана мен бала өлімі жиілеген, - ғалымдар

AstanaTV
01.04.2021ж. 20:00
1240
Коронавирустың салдарынан ана мен бала өлімі жиілеген, - ғалымдар

Әлемдеде жағдай оңып тұрған жоқ. Францияда үшінші рет жалпыұлттық карантин жарияланды. Бұл туралы ел президенті Эммануэль Макрон телевизиялық үндеуінде хабарлады. Ал Бразилияда пандемия басталғалы өлім-жітім бойынша антирекорд жаңарды. Бір күнде 4 мыңға жуық адам коронавирустың құрбаны болды. Сондай-ақ ғалымдар пандемия салдарынан аналар өлімі мен шақалақтың іштен өлі тууылу фактісі жиілегенін айтады.

Корнавирус салдарынан бүгінде аналар өлімі мен балалардың өлі тууылу фактісі жиілеген. 40-қа жуық зерттеу жұмысын жүргізген медициналық The Lancet журналы осындай ақпарат таратты. Жалпы өлім-жітім саны бүкіл әлем бойынша да артып келеді. Билік карантин шараларын күшейтумен әлек. Франция үшінші рет жалпыұлттық карантин жариялады. Вирус құрбаны болғандардың саны 100 мыңға жақындап қалды. Жансақтау бөлімінде жатқандар саны 5 мыңнан асады. Енді көрші қалаға қыдырып баруға шектеу қойылды. Балабақша мен мектеп үш аптаға жабылды.

Францияда жағдай ұшықты. Билік сақтық шараларын күшейтіп, елдегі ахуалды жақсартуға тырысқанымен, үшінші рет жалпыұлттық карантин жариялауына тура келді. Вирус құрбаны болғандардың саны 100 мыңға жақындаған.  Жансақтау бөлімінде жатқандар саны 5 мыңнан асады. Қазір қалаларалық қатынасқа шектеу қойылды. Балабақша мен мектеп үш аптаға жабылды.

Эммануэль МАКРОН, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз жалпыұлттық карантин жарияламау үшін қолдан келгеннің барлығын жасадық. Бірақ дәл қазір бұдан басқа амалымыз жоқ. Вирус тым тез тарап, жұғу фактісі артты. Алдағы уақытта жағдай тіпті ушығып кетпес үшін, осындай шешім қабылданды.

Ал Бразиялияда наурыз айы - пандемия басталғалы - ең көп өлім-жітім тіркелген ай болды. Бір күнде 4 мың адам көз жұмды. Дегенмен билік локдаун енгізуге асықпайды. Ел Президентінің пікірінше локдауыннан экономикаға келетін залал коронавирустан қарағанда тым ауыр болуы мүмкін.

Жаир БОЛЬСОНАРО, БРАЗИЛИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Вирустан қарағанда аштықтан өлім саны көп тіркеледі. Бізде екі жау бар, бірі коронавирус болса, екіншісі – жұмыссыздық. Біз оқшаулау саясатын қайта қарауға шақырамыз. Көп дүние жергілікті әкімдердің шешіміне байланысты.

Белгияда да дәл осыған ұқсас жағдай. Жақында ғана сот билікке карантинді алып тастауды міндеттеді. Сот аргумент ретінде карантинді адам құқығын шектеу деп тапты. 30 күн ішінде билік сот шешімін жүзеге асыруы қажет. Дегенмен елдегі ахуал нашар. Күн сайын мыңға жуық адам ауруханаға түсіп жатыр.  

Нильс ВАН РЕГЕНМОРТЕЛЬ, ҚАРҚЫНДЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біз алдағы уақытта ауруханадағы орын саны жетпей қала ма деп қорқамыз. Өйткені вирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Бізде ертеңгі күннен қоқыныш көп.


Бельгия үкіметі карантинді алып тастай ма, әзірге белгісіз. Бірақ қазірдің өзінде шектеу шараларынан жұмыссыз қалып, банкрот болып жатқан кәсіпкерлер саны жетерлік. Пандемия салдарынан аналар өлімі мен балалардың өлі тууылу фактісі жиілеген. 40-қа жуық зерттеу жұмысын жүргізген медициналық The Lancet журналы осындай ақпарат таратты.  Жалпы өлім-жітім саны бүкіл әлемс бойынша да артып келеді. Ел билігі краантин шараларын күшейтумен әлек. Франция үшінші рет жалпыұлттық карантин жариялады. Вирус құрбаны болғандардың саны 100 мыңға жақындап қалды. Жансақтау бөлімінде жатқандар саны 5 мыңнан асады. Енді көрші қалаға қыдырып баруға шектеу қойылды. Балабақша мен мектеп үш аптаға жабылды.

Ә. Өмірзақ