$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ҰБТ-2021: талапкерлер сынақты 2 рет тапсыруына болады

AstanaTV
05.04.2021ж. 20:00
2224
ҰБТ-2021: талапкерлер сынақты 2 рет тапсыруына болады

Биылғы мектеп бітірушілерге жағдай жасалмақ. Талапкерлерге ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысына көңілі толмаса, 2-ші рет тегін тапсыруына рұқсат етіледі. Соның нәтижесінде білім грантына таласа алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі айтты.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірінші тестілеуден 85 балл алған болса, келесі тестілеуден 100 балл алған болса әрине, әр тестілеуші өзінің ең үздік нәтижесін тапсырып грантқа конкурсқа қатыса алады. Сонда 100 баллмен тапсырылған конкурстың балы жоғары. Оның жоғары оқу орнына түсетін, өзінің таңдаған оқу орнына түсетін мүмкіншіліктерін арттыра түседі.

Тағы бір ерекшелігі тестілеуші емтихан нәтижесін сол мезетте біле алады. Егер де сұрақтардың ішінде техникалық қатені байқаса 30 минуттың ішінде аппелацияға жүгінуі шарт. Сондай-ақ, жуырда ғана 121 мыңнан астам мектеп бітіруші, ақылы түрде бақ сынап көрген. Өкінішке орай оның 40 пайызы шекті балды жинай алмаған. Министрлік биыл тест бұрынғыдай 10 күнге емес 3 айға созылатынын жеткізді. Тиісінше қатысушы емтихан күнін, уақытын, өтетін базаны өзі таңдайды. Білімділер бәсекесінде бақ сынайтын оқушыларды сынақ кезінде арнайы бағдарлама арқылы бақылау жоспарланып отыр. Егер талапкерден тыйым салынған зат анықталса, құрылғы бақылаушыларға автоматты түрде хабар береді. Айта кетсем, ведомства биылғы Ұлттық біріңғай тестілеуге 400 миллион теңге қаржы жұмсамақ.  Былтыр бұл көрсеткіш 1 миллиард теңгені құраған.

А. Данияр