Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Мүмкіндігі шектеулі балалардың тамағы да шектеулі

AstanaTV
06.04.2021ж. 20:00
1978
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тамағы да шектеулі

Мүмкіндігі шектеулі балалардың тамағы да шектеулі.  Арнайы орталықта ем қабылдап жатқан жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде дабыл қақты. Оқиға ел астанасындағы балаларды оңалту ұлттық орталығында болған. Желіде тараған бейнежазба, көптің ашуын тудырды. Жағдайды зерттеп көрген әріптесім Бекболат Сатуовтың репортажы.

Мына кадрларды орталықта ем қабылдап жатқан жасөспірімнің анасы түсірген. Оның айтуынша орталықта балаларға тамақты дұрыс мөлшерде бермейтін көрінеді. Ашынған ана өзім үшін емес, өзге балалар үшін алаңдаймын дейді.

Ғазиза БАЛТАБАЙҚЫЗЫ, ЕМДЕЛУШІ:

Өлшетсем 210 грам, паложно 320 грамм. Сосын бір емес, екі емес. Біз адамбыз ол жерде жатқан. Ана балалардың қарындары тоймайды. Фотосын көрген шығарсыздар өздеріңіз соған он бес жасар бала тояды ма? Мен өзім үшін шырылдап тұрған жоқпын, қасымда отырған без ухода балалар үшін айтып тұрмын.


Басы дауға қалған орталық басшылығы мұны растады. Бірақ балалардың ас-ауқатына жауапты емеспіз дейді. Арнайы компания өз міндетіне алғанын айтты.  

Баян СУННАТОВА, «ЖЕҢІС ТРАНС СЕРВИС» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Мұндай жағдай бізде бірінші рет болып тұр.  Оқиға, сенбі күні болған.Ағаттық, біздің 1 сәуір күні қабылданған аспазшымыздан болып тұр. Жаңадан келген аспазшы қателесіп кеткен.  Алайда бәрін дер кезінде бақылауға алдық. Мен барлық жауаптыларға қатаң ескерту жасадым. Енді бұл қайталанбайтын болады.

Балаларды оңалту ұлттық орталығы басшылары да, бұл жағдайды өз бақылауына алған.

Б. Сатуов