$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Биылғы түлектерге бөлінетін грант саны белгілі болды

AstanaTV
08.04.2021ж. 20:00
1955
Биылғы түлектерге бөлінетін грант саны белгілі болды

Оқушылар дәстүрлі оқу үрдісіне қашан көшеді? Елдің бас ұстазы бүгін бұл сұраққа жауап берді. Ұлттық біріңғай тестілеуді электронды форматқа ауыстырған министрлік, оқушыларға бөлінетін грант санын да жария етті. Білім және ғылым саласындағы өзгеде өзгерістерді әріптесім Асылбек Данияр айтып берсін.

Пандемия білім саласына да үлкен соққы әкелді. Мектептер ашылды, бірақ жартылай ғана. Бұл - балалардың қауіпсіздігі үшін дейді, министр. Айтып өтейін, оқу жылы басталғалы 13 мыңнан астам оқушы коронавирусты  жұқтырған. Мектептер дәстүрлі оқу үрдісіне қашан көшетінін, министрде айта алмайды.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:


Біз үшін балалардың кәдімгідей дәстүрлі форматта оқығаны негізінде өте тиімді. Ең бастысы, осы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Сондықтан осы жағдайға байланысты бізде оқу тәртібі де тиісті деңгейде  ауысып отыратын болады.


Ал, Ұлттық біріңғай тестілеу биыл 3 айға созылатынын бұған дейін айтқан-ек. Сондай-ақ талапкерлерге сынақты  2 рет тапсыруға жағдай жасалып отыр. Асхат Аймағамбетов мемлекеттік грант санын жариялады. Бакалавриатқа 51 500, магистратураға 13 500 орын беріліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 415-ке көп. Маман атанудың алдында тұрған студенттердің жайы да назардан тыс қалмады.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Көп мұғалімдерде, оқытушыларда осы қашықтан оқыту форматында болғаннан кейін олардың дипломдарын немесе магистрлердің диссертацияларын  қорғау рәсімін қазіргі уақытты электронды форматты өткізуіне болады. Оған жаңағыдай қайтадан келіп, біреуден қол жинап, тиісті мөр қойдыру деген талаптар қойылмайды. 
 

Министр отандық QazCovid-in вакцинасына қатысты да ақпараттармен бөлісті. Оның дайындалуы әлі де уақыт алуы мүмкін екенін айтты. Асхат Аймағамбетовтің пайымынша отандық екпені биологиялық бақылау сәуірдің жиырмасына қарай аяқталмақ. Сосын ғана құжаттарды денсаулық сақтау министрлігіне тапсыратынын жеткізді. Сондай-ақ бас ұстаз, ел аумағындағы мұғалімдердің 17 пайызы кеселге қарсы препарат қабылдады, деді.

А. Данияр