$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қырғыздар Ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті

AstanaTV
08.04.2021ж. 20:00
1798
Қырғыздар Ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті

Қырғызстанда тағы да, халық - орталық алаңға жиналды. Бұл жолы олар зорлық-зомбылыққа шектеу қоюды талап етуде, деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері. Қоғамдағы үлкен резонансқа, ұрлап алып кеткен қалыңдықтың тұрмысқа шығудан бас тартқаны, артынша оның мәйіті табылуы себеп болып отыр. Жиналғандар ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековтың отставкаға кетуін талап етуде.

Наразы топ полиция жұмысын сынға алды. Айтуларынша сала өкілдері өз жұмыстарына атүсті қарайды. Жиналғандар алдына үкімет басшысы шықты. Ол бұқараны сабырлық сақтауға шақырды. Бірақ министр қызметінен кете ме, жоқ па, ол жағын нақтыламады. Ішкі істер басқармасының өкілдері болса, кісі өліміне қатысты екі күдікті анықталғанын хабарлады. Қазір оларға жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.  Еске салайық, қайғылы оқиға 5-сәуір күні тіркелген. Сол күні бойжеткенді ұрлау операциясы әлеуметтік желіде тараған. Араға екі күн салып, оның денесі табылды. Ұрлап кеткен жігіттің де мәйіті анықталған. Қалындығы болудан бас тарқан соң қылқындырып өлтіріп, сосын өзіне өзі қол салған деген болжам бар.

Ғ.Өтемісов