$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда газ бағасы қымбаттады

AstanaTV
08.04.2021ж. 20:00
1712
Павлодарда газ бағасы қымбаттады

Павлодарда газ бағасы қымбаттады. Көгілдір отынның құны 72 теңгеге дейін өскен. Оған Павлодар мұнай зауытының газ тарату құбырын жалға беруі себеп болып отыр. Құбырды жалға алған делдал - қызмет көрсету құнын 300 пайызға өсіріп жіберген. Соның кесірінен кәсіпкерлер де бағаны көтеруге мәжбүр болғандарын айтты.

Жадыра МАКЕНОВА, КӘСІПКЕР:

Біз ол кездерде 300 пайызға көтерілген қызметтердің арқасында деп айтсақ та болады. Қыстың күндері жарты жыл біз шығынға ұшырадық көптеген. Сондықтан да бүгінгі күнде біз наурыз айынан бастап, көтеруге бел будық.

Қобыланбек ҚОЖИН, КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Бұл жердегі мәселе зауыттан шығатын газ сататын компанияларға дейін жететін ортада тұрған газ сорғы насосы болып тұр. Сондықтан бұл жердегі бағаның 15 теңгесін насостар алып тұр. Былтыр ғана 5 теңге болатын. Биыл 15 теңге. Газ сатушылар ол неге 300 пайызға өсіп кетті деген сөз.

Аталған мәселе өңірлік Кәсіпкерлер палатасында талқыланды. Жиында сөз алған Павлодар мұнай зауытының өкілдері газ тарату құбырын ұстап тұру шығын болғандықтандықтан, мәжбүрлі түрде жалға бергендерін жеткізді. Ал газ сатушы кәсіпкерлер іргеде тұрған мұнай зауытынан газды тікелей алуға мүмкіндік жоқтығын да алға тартты. Енді мәселеге жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері де араласпақ.

Назымбек БЕКЖАНОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АГЕНТТІК ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Екіншіден, «Павлодар мұнай зауыты» посредник фирмалардан пайда көру мүмкін. Соны біз тексереміз.

Ө. Қуанар