Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда браконьер қайықтарының тұрағы анықталды

AstanaTV
07.09.2017ж. 20:00
2410
Атырауда браконьер қайықтарының тұрағы анықталды

Атырауда балық қорғау инспекциясының қызметкерлері Жайық өзенінің жағасынан браконьер қайықтарының тұрағын тапты. Бұл байдалар ауыл іргесіндегі өзен жағасында қаңтарылған үлкен баржаның тасасына қойылыпты. Әрбір заңсыз жүзу құрылғысына қуаттылығы 200 аттың күші бар қозғалтқыш орнатылған. Сонымен қатар қайық ішінен балық аулауға тыйым салынған ұзындығы 2 шақырымға созылған 18 ау табылыпты.

Данияр Баймағамбетов, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы:

Бұл қайықтар өндірістік мақсатта пайдаланылмайды. Өйткені агрегаттарының арнайы белгілері жоқ. Әрі қозғалтқыштарының қуаттылығы 200 аттың күшіне жуық. Шұғыл-тексеру жұмыстарынан кейін осы жүзу құралдары "Спецавтобаза" мекемесіне жіберіліп, қожайындары анықталады.