$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада "Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі" атты көрме ашылды

AstanaTV
07.09.2017ж. 20:00
3537
Астанада "Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі" атты көрме ашылды

Алтын адам, Алашахан, Жошыхан, Аяққамыр кесенелерінің қайта жаңартылған көшірмелері. Мұндай ерекше жәдігерлерді Астана төрінен тамашалауға болады. Елордадағы Қарағанды облысының мәдени күндері аясында Конгресс-холл сарайында «Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды. Оған үш бірдей өлкетану мұражайының қызметкерлері 300-ден астам бірегей дүниелерді әкелді. Бұл жерде кенге бай өңірдің өткенін ғана емес, Қарағанды облысының жаңа тарихымен де танысуға болады. Мәселен, қазір бұл өңірде 66 жаңа білім беру орыны, Геннадий Головкиннің спорт кешені сынды көптеген нысандар ашылған. Экспонаттар арасынан сондай-ақ, нағыз шахтерларды көруге жағдай жасалған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар мұнда ең таңдаулы жәдігерлерін әкеліпті.

Еркебұлан Ағымбаев, Қарағанды облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы:

Қазір Астанада көптеген жастар бар, Бүкіл Қазақстаннан келген жастар оқиды университеттерде. Көбісі біле бермейді. "Қарағанды облысы – Қазақстан экономикасының, әлеуметінің тірегі"  деп айтады. Ал неге тірегі, оған осы жерде, осы көрмеде таныса алады.