Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруға 884 млрд теңге жұмсалмақ

AstanaTV
22.04.2021ж. 20:00
1997
«Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруға 884 млрд теңге жұмсалмақ

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын  жүзеге асыруға   884 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы бүгін Мәжіліс жанындағы Партияаралық кеңесте айтылды. Депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын  таныстырды . Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру , «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген   міндеттерді шешу және Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдауларында айтылған басым бағыттарды іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Сондай-ақ, коронавируспен күрес шараларына қосымша қаржы қарастырылып отыр.

Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін республикалық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Онда экономиканы жақсартуға байланысты сұрақтар өте көп. Мен бюджет қаражатын игеруді парламент бақылауы тиіс деп санаймын. Ол ақшаның қайда, қандай мақсатта жұмсалғанын бақылау керек деп ойлаймын.

А. Қуаш