$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Елдің дамуына теріс әсер ететін ұйымдарға тосқауыл қою қажет - Е. Сайыров

AstanaTV
22.04.2021ж. 20:00
1814
Елдің дамуына теріс әсер ететін ұйымдарға тосқауыл қою қажет - Е. Сайыров

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге шешілмей келеді. Бұл бағытта айтарлықтай қаржы бөлінсе де, 2 мыңға жуық ауылда тұрғындар суды тасып ішуге мәжбүр. «Nur Otan» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы түйіткілді мәселелерді қарады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сенсек, өткен жылы еліміз бойынша халықтың 93,1%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізген. Биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша 319 жобаны іске асыруға 125 млрд. теңге бөлініпті.  Жыл соңына дейін 793 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Десе де кеңес төрағасының министрлік жұмысына көңілі толмайды. Оның пікірінше сумен қамту процесі біріздендірілмеген. Ол жауапты ведомствоға олқылықтың орынын жуықарада толтыру қажеттігін ұсынды.

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Осы ауылдарға сапалы су жеткізу құзырлығы сіздердің министрлік аясында жүріп жатыр. Жаңа көрсетілген екі репортаждың өзі сіздерде жоспарлаудың жоқ екенін, екнішіден аймақтармен байланыстарыңыз жоқ екенін көрсетіп отыр. Әркім өз бетінше жұмыс істегендіктен бағдарламаның жүзеге асуы тоқтап тұр.


Ауылдарды сумен қамтуға бөлінген қыруар қаражат мақсатты жұмсалмай отыр. Мәселен Солтүстік Қазақстанда су магистральдарының 68 пайызы тозған. Алматы облысында да осы жағдай,-дейді комиссия төрағасы. Оның пікірінше ел бюджетін орынсыз шашпай, мақсатты жұмсау қажет. Өңірде аса маңызды мәселелерді шешуде қоғамдық бақылауға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Көптеген шешімдер жүрдім-бардым қабылданады және бұл аспект азаматтардың көңілін қалдырады,-деді кеңес мүшелері. Сондықтан жергілікті билік жемқорлықпен күреске көп күш жұмсау қажеттігін атап өтті.

Юрий ЖУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Елбасы тапсырмасымен барлық орындалып жатқан әрекеттер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принціпі аясында жүзеге асырылуы қажет. Сондықтан, бағдарламалардың мүлтіксіз таза орындалуы баршамыздың міндетіміз. Орын алып жатқан жемқорлық қауіптерінің алдын-алуға барынша атсалысу әр азаматтың борышы.

Ғ.Өтемісов