Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Түркістанда тапа-тал түсте оқ атқандар әлі ұсталмаған

AstanaTV
26.04.2021ж. 20:00
1580
Түркістанда тапа-тал түсте оқ атқандар әлі ұсталмаған

Түркістанда демалыс күні тапа-тал түсте оқ атылды. Оқыс көрініс көпшіліктің көз алдында болып жатты.

Бейнежазбаны жергілікті тұрғындардың бірі түсіріп алған. Бірі қашып, енді бірі қуа жөнелгендер көпшілікке қауіп төндірем деп ойламайтын да секілді. Оқ бірнеше рет  атылды. Жүгіргенді қуып жеткен екеу жол жиегінде тұрған жеңіл автокөлікке сүйреп салып жатқаны да анық көрінеді. Полиция оқтың травматикалық тапаншадан атылғанын айтты. Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі бұл жәйт «Бұзақылық» бабымен тіркеліп жатқанын мәлімдеді.  

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс атқарды. Полиция қызметкерлерімен бүгінгі таңда оқиғаға қатысты бар адамдардың тұлғасы анықталды. Оларды ұстауға қатысты шаралар жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы күдікті азаматтар ұсталғаннан кейін белгілі болады.

А. Төребекқызы