Жас мамандар жаппай шетелге көшіп жатыр. Мәжіліс депутаты Александр Милютиннің айтуынша, бұл алаңдатарлық жағдай. Депутат соңғы бір жылда өткен мерзіммен салыстырғанда елден көшіп кеткен дәрігерлер саны үш есе, ал педагогтар 4 есе артқан,-деді. Сондай-ақ, қазақстандық жастар көрші Ресейде білім алуға ынтық. Себебі онда білім грантын алу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан түйіткілді мәселе ушығып кетпес үшін жылдам шешу керек.
Александр МИЛЮТИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің жартысынан көбі мамандығы бойынша жұмысты айтпағанда, қандай да бір жұмыс таба алмайды, Себебі бізде: біріншіден, еңбек нарығы нашар бақыланады, соның салдарынан тіпті "Болашақ"бағдарламасының түлектері де мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмай жүр.
Ғ.Өтемісов