Алматыдағы саябақтардың бірінде жүк көтергіш ауыр көлік үш жасар баланы басып кетті. Ауыр жарақат алған бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы жағдай саябақтағы шіркеу маңында болған. Болжам бойынша, абаттандыру жұмыстарымен айналысып жүрген жүк көлігінің жүргізушісі көгершіндермен ойнаған баланы байқамай қалған. Полиция департаменті ауыр көлікті тізгіндеген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Медеу аудандық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Арнайы техниканың тізгінінде 1970 жылы туған. Уесімді азамат болған. Тергеу басталды.
Ә. Лесбек