«Жасотандықтар» Шымкентте адам өміріне араша болып жүрген ақ халаттыларға сый-сияпат жасады. Қала тұрғындарының атынан өз ықыластарын білдіру мақсатында жұқпалы аурулар орталығы дәрігерлеріне тәттілер мен дәрумендер салынған қалташаларды табыстады. Жасотандықтар алғашқы кезекте жүз дәрігерге осындай сый үлестірді. Жастар қайырымдылық акциясына қаладағы кәсіпкерлер мен жастарды жұмылуға шақыруда. Мұндай шараны үш ай бойы жалғастырмақ. Тіпті кішігірім концерттер қойып беруді де жоспарлап отыр.Ал. ақ халаттылар белсенді жастарға алғыс жаудырды.
Қалдыгүл КҮЛЖАНОВА, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Біздің медицина қызметкерлері, дәрігерлер, медбикелер, тазалықшылар күндіз түні үйлеріне бармастан жұмыс істеп жатыр. Сондай қиын кезде сізде де келіп біздің көңілімізді аулап жатқандарыңызға көп рақмет. Жасотандықтар сіздер біздің болашағымызсыздар. Сіздерге көп рақмет.
Мұндай акция Павлодарда да өтті. Облыстық перинеталды орталық дәрігерлерін партияның аймақтағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко құттықтап, азық-түлік себетін тапсырды. Дәрігерлерге пандемия кезінде жасаған қалтқысыз қызметі үшін алғыс айтты. Бұл акция бір мезетте аймақтың барлық аудан қалаларында бастау алды. Мақсаты – жас ұрпақты дәрігерлерді құрметтеуге шақыру.
Санира ЖҮСІПОВА, "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ПО ФИЛИАЛЫ ТӨРАЙЫМЫ:
Бәрімізге мәлім, пандемия кезінде біздің ақ халаттағы абзал жандарымыз күні-түні демалыссыз жұмыс жасады. Бізге денімізге саулық беру үшін бір сенім артып және де тез тәуір болу үшін көптеген жағдайлар жасады. Біз оны ешқашан ұмытпау керекпіз.
Ө. Қуанар, А. Төребекқызы