Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тоқтар Төлешовке тиесілі көліктер 12 миллион теңгеге сатылды

AstanaTV
05.09.2017ж. 20:00
2596
Тоқтар Төлешовке тиесілі көліктер 12 миллион теңгеге сатылды

Атышулы Тоқтар Төлешовтен тәркіленген автокөліктерге жаңа қожайындар табылды. Бүгін «Шымкент сыра» зауыты қожайынының меншігінде болған үш темір тұлпарды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті gosreestr.kz сайтына сатуға қойған болатын. 

Темір тұлпарлар 12 млн теңгенің үстінде қаржы түсірді. Атап айтсақ, 2006 жылы шығарылған Bentley Continental GT көлігі 7 млн теңгеге сатылған. Оның бастапқы нарқы -13,7 млн теңге болатын. Жол талғамайтын GMC Yukon XL Denali 3 млн 900 мыңға кетсе, Mitsubishi GTO 1 млн теңгеге бағаланды. Бұл туралы біздің арнамызға департаменттің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы айтты. Ғалым Қасымбековтің айтуынша, бүгінге белгіленген сауда-саттыққа Төлешовтың 8 бірдей автокөлігі шығарылыпты. Ал өтпей қалғандары алдағы уақытта қайта саудаға қойылатын болады.

Ғалым  Қасымбеков, ОҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы:

Оның ішіндегі бесеуі сауда-саттықтың төмендету әдісін қолдана отырып шығарылды. Ал үшеуі сауда-саттықтың жоғарылату әдісін қолдана отырып шығарылды. Сауда-саттықтың төмендету әдісін қолдана отырып шығарылған автокөліктердің ішіндегі үш автокөлік бүгінгі күнде сатылды. Жалпы сатылу құны 12 миллионнан астам теңге. Сатылудан түскен ақша қаражаттары республикалық бюджетке аударылатын болады.