Павлодарда көпқабатты үйден өрт шығып, бір отбасынан 4 адам қаза тапты. Тілсіз жау 3 қабаттағы пәтерде тұтанған. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Ал отбасы мүшелерінің денесі үйдің әр жерінен табылған. Отағасының мәйіті-лифт жанында, жұбайынікі-пәтерде, қыздарынікі-9 қабатта, 3 жастағы немересінің денесі-7 қабатта жатқан. Олар бұл пәтерді жалдап тұрған.
Оразбек УӘЛИХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Өрт барлау кезінде 4 мәйіт табылды. Оқиға орнында 28 адам және 8 бірлік техника жұмыс істеді. Себебі, халықтың отты абайсыз қолдануы. Қазіргі кезде сараптама жүргізілуде.
Ө. Қуанар