Кітап
- алтын қазына. Жақын күндері Алматыдағы кітап дүкендерінің сөрелері жаңа
топтамамен толықпақ. Оған мегаполистегі мектеп оқушыларының ең озық туындылары
кіреді. Осыған орай бүгін Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласының аясында шығармалар конкурсы басталды. Байқауға қаладағы барлық
мектептің 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.
«Туған жер» шығармалар бәйгесі 3
ай бойы жүреді. Төрт номинация бойынша жарияланған конкурсқа жастар өз туған
жерінің тарихы, мақтанышы мен құнды орындары жайлы еңбектерін ұсына алады. Ал шығармаларды арнайы құрылған комиссия тексереді. Алматы қалалық «Жас Отан»
жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов, байқаудың қазақша және орысша, яғни екі тілде өткізілетіндігін айтты. Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен, алғыс хатпен
марапатталады. Ең үздік туындылар болса, жинақ ретінде халыққа тарамақ.
Мәди
Ахметов, Алматы қалалық «Жас Отан»
жастар қанатының төрағасы:
Оқушылар
өз жүрегімен, сүйіспеншілігімен, туған жерге деген махаббатымен, ілтипатымен,
құрметімен өзі жазып көрсетеді. Сол арқылы, біз ойлаймыз, жастарымыз ізденеді,
қарайды. Яғни өзіміздің құндылықтарымызды, өзіміздің байлығымызды біз
насихаттауды осы жастардан бастауымыз керек.