Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Павлодарда өрт оқиғасы жиілеп тұр

Павлодарда өрт оқиғасы жиілеп тұр

Павлодарда  көпқабатты үйдегі пәтер өртенді.  Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер 5- қабаттан  ес-түссіз жатқан азаматты  сыртқа  алып шықты.   Ол осы қабаттағы пәтердің - 54 жастағы тұрғыны.  Денесін күйік шалған, өзі түтінге уланып, есінен танған.   Жағдайы ауыр.  Жансақтау бөлімінде жатыр. Құтқарушылар  өзге пәтерлердегі адамдарды  қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Тілекжан ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қайырбаев 36 мекен-жайы бойынша 5 қабатты үйдің 5-қабатында 2 бөлмелі пәтерде жалпы аумағы 16 шаршы метрді құрайтын өрт орын алды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін туысы үй иесін құтқарып алып шыққан. Үй иесі 1967 жылы туылған ер адам.


Ал Екібастұзда  саяжайдағы 2   үй жанып  кетті. Өрттің шығуына тұрғындардың құрғақ шөпті өртеуі себеп болуы мүмкін. Өрт сөндірушілер  үйлерден 50 литрлік екі   газ баллонын алып шықты. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 2 сағатта ауыздықталды.

Ө. Қуанар