Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ғалымдар қара тізімге енгізілсін – атыраулық белсенділер

AstanaTV
18.05.2021ж. 20:00
1140
Ғалымдар қара тізімге енгізілсін – атыраулық белсенділер

Солтүстік Каспий жобасын игеруде теңіз табанына түп тереңдету жұмыстары атыраулық табиғат жанашырларын әлі де алаңдатып отыр. Бүгін де НСОС компаниясы өкілдерімен қоғамдық тыңдау барысында экобелсенділер бірнеше талапты төтесіннен қойды. Ғалымдар кеме жүретін арналарды қазу сол аумақты мекендейтін бағалы бекірі тұқымдас балықтарға, жалпы тұтас экожүйеге айтарлықтай әсер етпейді деген еді. Бірақ белсенділер мұнымен келіспейді. Олар "Каспий теңізі табанын тереңдетудің экологияға зияны жоқ" деп бағалаған ғалымдардың сөзін расталмаса, есімдері «қара тізімге» енгізіліп, мұндай ірі жобаларға жақындатпау ұсынылды. Экожанашырлар.

Галина ЧЕРНОВА, «ГЛОБУС» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚБ ЖЕТЕКШІСІ:

Қашаған жобасында қоршаған ортаға әсерін бағалаған ғалымдар жауапкершікті түсінсін дейміз. Егер табиғатқа орны толмас қандай да бір залал келтіретін болса, бұл ғалымдар «қара тізімге» енгізілсін деп талап қойдық. Өйткені ешқандай зиян болмайды, бағалы бекіре балығының популяциясы азаймайды, қара уылдырықты тіпті жоғалтып алмаймыз деп кесіп айту қате. Егер теңіздің экожүйесіне бір нәрсе болса жағдай орын алса, олар профессор, доктор болса да, әлемде олармен ешкім санаспайтын болады.


Естеріңізге салайық, консорциум қайраңда екі ірі канал қазуды жоспарлап отыр. Себебі теңіздің таяз болуына байланысты ауыр кемелер мұнай нысандарына бара алмайды.  Ал бұл экожүйеге кері әсерін тигізеді деген қазақстандықтар түп тереңдету жұмыстарын тоқтату туралы петиция шығарды. Экологтар бекіре тұқымдас балықтардың 90 пайызы су қоймасының осы бөлігінде екенін айтып дабыл қағуда.  Айта кетейік, компания 15 наурызда экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алды. Алайда теңіз табанын түп тереңдету жұмыстарын бастай қойған жоқ. Өйткені атыраулық табиғат жанашылары жоба авторларынан табиғатқа ешқандай залал келмейтіндей кепілдік талап етіп отыр.

Б. Надірқызы