$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"KEGOC" акционерлік қоғамының қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдырып жатыр

AstanaTV
19.05.2021ж. 20:00
2038
"KEGOC" акционерлік қоғамының қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдырып жатыр

"KEGOC" акционерлік қоғамының қызметкерлері санитарлық талаптарды қатаң сақтайды. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жұмысшылардың 35 пайызы коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Қазақстанның энергетикалық жүйесін бақылап отырған Ұлттық және өңірлік диспетчерлік орталықтарға   әріптесім Асылбек Данияр барып келді.     

Электр энергетика жүйесін жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары сатысы Елордада орналасқан. Республиканың 9 өңіріндегі бөлімдер  осы Ұлттық диспетчерлік орталыққа бағынады. Электр схемасы арнайы карта арқылы бақыланады. Автоматикалық терминалдар мен қосалқы станцияларда тоқ күшінен бастап ауа температурасына дейін анықтауға болады.  Егер, апатты жағдай орын алса жылдам шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мекеме қызметкерлері пандемия кезінде де барлық санитарлық нормаларды сақтап, талапқа сай жұмыс істеп отыр.   

Архат БЕЙСЕНОВ, ҰЛТТЫҚ ДИСПЕТЧЕРЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИСПЕТЧЕРІ:


Былтырғы пандемия басталғаннан бері диспетчерлік персоналды үйден жұмысқа және жұмыстан үйге қызметтік көлікпен жеткізу, әр ауысым сайын осы диспетчерлік орында кварцтау жұмыстарын жүргізу. Біз 12 сағаттан 24 сағаттық жұмыс ауысымына көштік. Бір ауысымда 3 диспетчер қызмет атқарады. Бір инженер үйден жұмыс жасайды.

"KEGOC" компаниясының аймақтардағы  барлық филиалдары демалыссыз , тәулік бойы үздіксіз  жұмыс істейді. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін әрбір қызметкердің денсаулығы  жіті қадағаланады. Қалыпты жағдайға оралу үшін   қызметкерлердің көбі  вакцина салдырған.  Олардың арасында Ақмола өңірлік орталығының диспетчерлері де бар.  

Әбдуманап ІЛИЯСОВ, АҚМОЛА ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ДИСПЕТЧЕРІ:


Біздің әрбір персонал антисептикпен, қолғаппен, маскамен қамтамасыз етіледі. Егерде COVID-19-бен ауырған біздің жұмысшы тікелей байланыста болған болса онда осы жұмысшы теріс анализі шыққанға дейін өзінің ауысымдық жұмысынан шеттетіледі.

Қазір компания қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуде. Тек диспетчерлер электр энергиясын бақылау және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету үшін өз орнында қалған.

А. Данияр