Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері екіжақты келіссөз өткізді

AstanaTV
20.05.2021ж. 20:00
1373
Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері екіжақты келіссөз өткізді

Пандемияға қарамастан қазақ-тәжік сауда қатынасы былтыр 800 миллион долларға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысының Тәжікстанға ресми сапары кезінде айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған көрсеткіш сауда-экономикалық саладағы әлеуетіміздің әлі де мол екенін көрсетеді,-деді. Тараптар қазақ-тәжік стратегиялық әріптестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жағдайына тоқталды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға байланысты маңызды мәселелер қарастырылатын болғандықтан, біз осы сапарға зор мән береміз. Бұл ретте талқылайтын мәселе жеткілікті. Жалпы барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайту үшін мол мүмкіндігіміз бар.


Ғ.Өтемісов