Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шымкенттегі Қарабастау тұрғын алабының тұрғындары жарық пен суға жарымай отыр

AstanaTV
26.05.2021ж. 20:00
2621
Шымкенттегі Қарабастау тұрғын алабының тұрғындары жарық пен суға жарымай отыр

Шымкент қаласында жаңа мөлтек ауданның тұрғындары ішер су мен жарыққа жарымай отыр. Қарабастау тұрғын алабындағы жаңа құрылыс аумағынан жер алып, үй салғандар енді қайда барарын білмей дал. 5-6 жылдан бері мәселені шеше алмай келеді. Амалы таусылған халық, біздің арнамызға шағымданып, көмек сұрады. Жүзден астам отбасының жанайқайын  Айзада Төребекқызы жеткізеді.

Арыстан Сармолдаевтың күніне жарап тұрған -осы бөшкелер. Екі күн сайын    үлкен-үлкен ыдыстарын артып, көрші ауылдардан, орталықтағы туыстарынан су тасиды. Тегін  емес. Бірақ  су таситын көлікпен алдыртқаннан шығыны сәл аздау дейді.

Арыстан САРМОЛДАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Аптасына 5 мың теңгеден ол бір айда 15 мың теңге қалтаны ояды ғой. +амал жоқ тасисың. Сатып аласың суды магазиннен.

Көлігі бары тасып, өзгесі сатып алып ішіп отырмыз деген халыққа соңғы бір айда әкімдік есебінен тегін су жеткізіле бастаған. Әр отбасына -үш жүз литр. Көпбалалы отбасыларына ол не болсын,  үш күнге әзер жеткіземіз дейді. Оның үстіне  судың сапасы нашар, оған да көңіл толмайды.   

Индира ҚҰРАЛБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Басында әкеп жүргенде бір жарым апта ма тап-таза су әкелген еді. Енді болса білмейм қандай, тұрып қалған су ма түсінбейсің. Бірақ судың иісі шығады кәдімгідей и мынау таза су ма қараңызшы?.. таза су емес қой мутный. Кейбір кезде вообще мусор боп шығады. Оны алу үшін, ішу үшін қоюымыз керек, фильтровать етуміз керек.

Сайрам ауданына қарасты аумақтан жер алған мыңға тарта тұрғын осындай проблема көп болғандықтан   үй сала алмай  жүр.  Тек пәтерден пәтерге көшіп, шаршағандар ғана осында тұрып жатырмыз дейді.  

Гүлнара НАУШАБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мегаполиспіз деп жатырмыз. Шымкентіміз көркейіп жатыр деп жатырмыз, бірақ біз көркейіп жатқан ештеңкені көріп жатқан жоқпыз. Батпаққа батып, лайға батып мектепке барып баяғы ата-бабаларымыздың кешкен өмірін кешіп жатырмыз.

Мұнда электр энергиясы да жоқ. Көшеге бағаналар қойылып, сым  тартылғанымен халық жарыққа жарымай отыр. Олар амалсыздан, қуат көзін көрші ауылдан  тартып алғанын айтады.
 
Бауыржан ҚАСЫМБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Мына сыммен тоқ ала алмаймыз, десятка деген жоғары кернеулі тоқ өтеді. Ал бұл тоқпен біз пайдалана алмаймыз. Пайдалану үшін бізге екі үш километрден қайтып үйді үйге линия тарту керек екен қосымша сым тарту керек екен изоляциясы бар. Ал оған біздің қалтамыз көтермейді. Біз үй саламыз ба, жоқ неғыламыз ба свет төлейміз ба?! Мына ауылдан 27-28 теңгеден тоқ алып отырмыз.

Энергетика басқармасындағылар мәселе ретімен шешіледі деп отыр.

Абай АШАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұлдыз, Жалын тұрғын алабының электр қуаты жүргізілуде қазір. Соған сәйкес біздер Қарабастау тұрғын алабы аумағын біз сол жобаға енгіздік, қосымша қылып. Сөйтіп ағымдағы жылдың соңына дейін біз бұл электр мәселесін шешеміз деп уәде бердік.  

Ал ауыз суды тұрғындар әзірге тасып ішеді, немесе әкімдік тарататын тегін суды ішеді. Себебі, оның құжаттары  конкурстан ұтылған мекеменің сотқа беруі салдарынан тоқтап тұрған көрінеді. Сондай-ақ, құзырлы орын өкілінің  айтуынша,  келер жылы  жаңа мөлтек ауданға газ да келеді.

А. Төребекқызы