Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жасотандықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойды

AstanaTV
31.05.2021ж. 20:00
1722
Жасотандықтар саяси қуғын-сүргін  құрбандарына арналған  ескерткішке гүл қойды

Саяи қуғын-сүргін құрбандарын айтулы даталарда ғана емес, үнемі естен шығармау қажет. Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде жасотандықтар  жазықсыз жазаланған арыстардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Солақай саясаттың құрбандарының рухына тағзым етіп, олардың есімін ұлықтады. «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев  "Елім деп от кешкен бабаларымыздың мол мұрасын насихаттау -әрбір қазақстандықтың басты міндеті" деп санайды

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Ашаршылық нәубетін көрген, одан қалды саяси қуғынға ұшырағын тұлғаларымыз артынан мол мұра қалдырып кетті. Мұны жастарға дәріптеу мақсатында бірқатар шараларды өткізу жоспарда бар.

Ғ. Өтемісов