Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Канадада қазақстандық кремний зауытына қатысты демпингке қарсы тексеру жүргізіліп жатыр

AstanaTV
31.08.2017ж. 20:00
2121
ЭКСКЛЮЗИВ: Канадада қазақстандық кремний зауытына қатысты демпингке қарсы тексеру жүргізіліп жатыр

Мемлекеттік субсидияның арқасында өнімінің бағасын нарыққа қолдан төмендетіп сатты деген күдікке ілінген Қарағанды кремний зауытын Канадада тексеріп жатыр. Жақында сарапшылар "Tau-Ken Temir" мекемесін елге келіп тексеріп кеткен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің өкілдері айтты.

Министрлікте қазақстандық кәсіпорын туралы ақпараттар беріп, олардың қызметіне қатысты қазақстандық заңдылықтарды түсіндірген. Алайда, АҚШ сауда министрлігі, демпингке қарсы тексеруге ұсынылған деректер толыққанды емес екенін, мәлімдеген еді. Айта кетейік, олар, мемлекет бұл кәсіпорынды субсидиялап отыр деп, күмәнданып отыр. Егер күдік расталса, 120 пайыздық баж салығын енгізбек. 

Жанель Кушукова, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры:

Қазақстан бұл процесске барлық деректерін ұсынып отыр. Біз АҚШ-тың құзырлы органдарымен тығыз байланыстамыз. Өз кәсіпорнымызды қолдап,  оның бұл нарықтағы мүддесін қорғау үшін барлығын қолданамыз.