Қарағандыда 33 жастағы ер адамды дүкенде тоқ соғып, қайтыс болды. Кіре берісіндегі темір табалдырықта электр тогы соққанын тұрғындар көзімен көрген. Марқұмның жақындары техникалық қауіпсіздік сақтамаған дүкен қожайыны мен қалалық әкімдікті жауапқа тартуды сұрайды. Қаланы дүр сілкіндірген оқиға жайында әріптесім Айжан Қуаштың репортажы.
Оқыс жағдай дәл осы әлеуметтік дүкеннің кіре берісінде болды. 33 жастағы экспедитор Ұлан Шәйкенов павильонға азық-түлік кіргізбек болғанда, кіре берістегі темір табалдырықта тоққа түскен.
Андрей САВЕЛЬЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘРІПТЕСІ:
Аяғындағы тәпшікесі ұшып кетті. Жер дымқыл болатын. Сол жердегі темірден соққан болуы керек, суға құлап түсті. Мен артында келе жатқам, көтеріп жатқыздым. Саусағым дір ете қалды. Электриктер бар күшті марқұм Ұлан алғандықтан маған ештеңе болмағанын айтты.
Бақыт МОЛДАШЕВА, КУӘГЕР:
Дүкенге кіріп бара жатқан бала шалқасынан түсіп құлады. Жүгіріп- жүгіріп қасына осында жүрген қыздар барсақ бірінші көпең- көк сияқты еді, одан кейін қап- қара боп нетіп кетті. Бірінші көмек беріп дүкеннен жүгіріп шықты.
Бұл оқиғаны марқұмның туғандары әлеуметтік желіге жариялағаны сол-ақ екен, желі қолданушылары 3 күн бұрын дәл осы дүкенде ұқсас жағдай орын алғанын жазды. 36 жастағы сатушы да шелекпен су көтеріп келе жатып құлаған. Оны да тоқ соққан болуы мүмкін деп отыр. Дейтұрғанмен қайғы жамылған отбасы дүкенде техникалық қауіпсіздіктің сақталмаған дейді.
Мөлдір БЕКБОСЫНОВА, МАРҚҰМ ТУЫСЫ:
До такой степени беті қап- қарап боп кеткен. Тоқ соққанда адамның беті қараяды ғой. Ана келіншектікін жауып тастағандай жауып тастамасын. Ол менің туған апамның жалғыз ұлы. Өмірінде не арақ ішпейді, не темекі тартпайды, спортсмен. Бүкіл сол жерге ремонт жасап кабельдің бәрін ашып тастаған акимат қой ол да жауап берсін. Жаңағы магазиннің иесі Мария деген кісі ол да жауап берсін.
Дүкен қожайыны болса, келеңсіздік тоқтан болды дегенге сенбейді. Ол қазір ауруханада жатыр. Полиция бөлімшесінде оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен.
Қала әкімдігі де басын арашалап әлек. Айтуланыша дүкен маңайындағы жөндеу жұмыстарының бұл оқиғаға қатысы жоқ дейді.
Нұрлан БЕКЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жерде жатқан кабельдердің бәрі Қарағанды жарықтың маманы келіп оның бәрі тоққа қосылмағанын анықтап берді, анықтап айтты.
Дегенмен полиция адам өлімі тоқ соғу салдарынан болған деп отыр. Осының негізінде қылмыстық іс қозғады.
Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жазатайым оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 306- бабы бой ынша қылмыстық іс қозғалды, сот- медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің өлімі ток соғу салдарынан болғаны анықталды.
Айта кетейік, дүңгіршек Сарыарқа әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі. Жауаптылар кәсіпкер оны жалға алғанын, сондықтан ондағы олқылыққа да сол жауапты екенін айтты. Істің немен бітері әзірге белгісіз. Белгілісі марқұмның артында әйелі мен кәмелетке толмаған екі баласы қалды.
А. Қуаш