$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында шаруа қожалық иесі өзіне оқ атқан адамның өзін өлтірді

AstanaTV
11.06.2021ж. 20:00
2694
Жамбыл облысында шаруа қожалық иесі өзіне оқ атқан адамның өзін өлтірді

Жамбыл облысында шаруа қожалық иесі өзіне оқ атқан адамның өзін өлтірді. Оқиға Меркі ауданында  болған. Белгісіз үш адам шаруашылыққа келіп, кәсіпкермен ерегесіп қалады. Солардың біреуі  шолақ мылтықпен қожалық иесіне қарай оқ атып, қашады.  Кәсіпкер алған жарақатына қарамастан оны көлігімен қуа жөнеліпті.   Сөйтіп, қашқандарға жетіп, көлікке барып соғады. Сол жерде қашқындардың бірі ауыр жарақат алып, көз жұмады. Ал қалған екеуі жарақаттанған.   

Нұржан ҚАЛМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты барлық азаматтар ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті барлық сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайы анықталуда.

Б. Жұмабайұлы