Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Коронавирустың ең қауіпті түрі Қазақстанға жетті ме?

AstanaTV
21.06.2021ж. 20:00
2147
Коронавирустың ең қауіпті түрі Қазақстанға жетті ме?

Коронавирустың ең қауіпті түрі- "үндістандық" штамм Қазақстанда да болуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Күдікті жағдай елордалық науқастардың бірінен анықталған. Індеттің мутацияға ұшырағанын және оның «Дельта» штаммына жататындығын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Кеселдің белгілері: буындар мен іштің қатты ауырсынуы, жүрек айну. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, «Дельта штамм» әлемнің 174 елінде анықталған.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

COVID-19-дың «Дельта» штаммы аса контагиозды және анықталған басқа формаларға қарағанда жұқпалылығы 60%-ке жоғары, қазіргі айналымдағы аурудың өзге де түрлері 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Елде эпид ахуал тұрақталғандай. Дегенмен, Нұр-Сұлтан қаласы әлі де бағалау матрицасының "қызыл" аймағынан шыққан жоқ. Әлеуметтік желіде жазба қалдырған шаһар басшысы ұжымдық иммунитет БОЛМАЙЫНША, қала қалыпты режимге оралмайтынын ескертті.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қаламызға қосымша шектеулер енгізгіміз келмейді. Бұл қала экономикасына, тұрғындардың әл-ауқатына әсер етеді. Сонымен қатар, күзде жаңа оқу жылы басталады. Бірақ балаларымыз үшін мектептерді қайта аша алмаймыз.

А. Данияр