Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мәжіліс депутаттары халықпен кездесу үшін аймақтарға жол тартпақ

AstanaTV
24.06.2021ж. 20:00
2379
Мәжіліс депутаттары халықпен кездесу үшін аймақтарға жол тартпақ

Мәжіліс депутаттары халықпен кездесу үшін өңірлерге бармақ. Олар еліміздің ең шалғайдағы аумақтарын аралап, тұрғындарды мазалаған мәселелермен танысуды жоспарлап отыр. Депутаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын бақылайды. Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, ол Елбасының халықпен тығыз байланыста болу туралы тапсырмасын еске салды. Мәжілісмендер қазақстандықтардың барлық сауалдары мен ұсыныстарын заң шығару жұмыстарында ескереді.

Л. Қуанышқызы