Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қырғызстанға 55 тонна бензинді заңсыз сатпақ болғандар тұтқындалды

AstanaTV
25.06.2021ж. 20:00
2424
Қырғызстанға 55 тонна бензинді заңсыз сатпақ болғандар тұтқындалды

Қырғызстанға 55 тонна бензинді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. «Күрделі сұйылтқыш» тауары және қырғыз нөмірлері бар «ДАФ»» маркалы автокөлік «Айша бибі» өткізу пунктінде құрықталды. Жөнелтуші компания Тараз қаласында тіркелген. Іс облыстық экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Зерттеу нәтижесінде тауардың құжатта көрсетілген ақпараттарға сәйкес келмейтіні анықталған.

Әлібек АБДИЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұзушылар «сұйылтқыштың» орнына жалпы сомасы 7 млн. теңгеге АИ-80 маркалы бензинді шығаруға тырысты. «Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 197 - бабының бойынша тергеуді бастады.

Ғ. Өтемісов