Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Екібастұзда жол сақшылары тоқтатқан көлік жүргізушісі жансақтау бөлімінен бірақ шықты

AstanaTV
25.06.2021ж. 20:00
3647
Екібастұзда жол сақшылары тоқтатқан көлік жүргізушісі жансақтау бөлімінен бірақ шықты

Екібастұзда жол сақшылары тоқтатқан көлік жүргізушісі жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Бұған жүргізушінің құзырлы орган өкілдеріне бағынбай қарсылық көрсетуі себеп болған. Өйткені, жүргізуші көлікпен жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен. Оны байқаған жол сақшылары көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің өзімен бірге ешқандай құжатының болмағаны анықталды. Бірақ, бұған қарсылық танытқан қала тұрғыны оқиға орнына жолдасын шақырған. Полиция көлікті айып тұрағына алып кетпек болғанда, 61 жастағы тұрғынның кенеттен қан қысымы көтеріліп, инсульт алған.

Эльмира ТЕМІРҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Екібастұз ауруханасына 1961 жылы туылған азамат жеткізілген болатын. Бірінші беттен алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Реанимация бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта жағдайы орташа деңгейде. Неврология бөлімінде жатыр.

Тәртіп сақшылары өздеріне бағынбай қарсылық танытқан күйеуі мен әйеліне үш бап бойынша әкімшілік іс қозғады. Ал жүргізушінің туыстары әлеуметтік желіге полицейлер оны қысымға алып, инсульт алуға мәжбүрледі деп жазған болатын. Бірақ, тәртіп сақшылары оны жоққа шығарып отыр.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Тексеру барысында көлік жүргізушісі өзін дөрекі ұстап, әйелі де тәртіп сақшыларына былапыт сөздер айтты. Әрі өз кінәларын мойындағылары келмеді. Сондықтан, жүргізушінің әйеліне бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Ал оның жолдасына жол ережесін бұзғаны үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал билік өкіліне бағынбағаны үшін іс сотқа жолданды.

Ө. Қуанар